Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінде Шымкент қаласының медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдікті жандарға зертханалық жұмыстар жүргізіп, оларды оқшаулауда. Одан бөлек, өзге аурумен стационарлық емге жолданған науқастарға скрингтік жұмыстар жүргізуде. Бұл таңдаулы эпидемиологиялық қадағалаудан төтенше жағдайға тартылған мамандар да өтуде.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 87%-ында ауру жеңіл түрде өтуде.

Яғни науқастарда қызуы көтерілмей, жөтелмей-ақ, індеттің инфекциясы анықталуда. Сол себепті халық арасында әртүрлі сөздер таралуда. Бірақ мұндай сөздерге еріп, өкінішті жағдайға ұшырап қалмауымыз керек. Ол үшін санитарлық нормаларды жадымыздан шығармай, сақтанып жүруіміз қажет.

Жалпы, тұрғындар мен заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан, шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу