Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкім аппараттарының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтары Шымкент қаласының Жібек Жолы, Рысқұлов, Алдияров, Мақталы, Уалиханов, Нұршашу, М.Маметова, Мақталы, Б.Момышұлы, Қазиев, Қабанбай батыр, Жангелдин, Байтұрсынов, Тәжібаев, Ерманов, Төле би, Арғынбеков, Бәйдібек би, Төреқұлов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, «Теріскей» мөлтек ауданы, «Шапағат» мөлтек ауданы, «Авто-Нұр» базары, «Бозарық» саяжайында орналасқан нысандарға мониторинг жүргізді.

Осылайша мамандар 77 нысанды тексерді.Оның ішінде, тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары бар.

Сонымен қатар бүгін
Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылды.

Ал, қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы дәріленді. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмыстары мен 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус қамтылды.

Мониторингпен қамтылған нысандардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу