Басты бет » Төтенше » 25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар. Осылайша қазіргі таңда Шымкентте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1183-ке жетіп отыр.

Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген.

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15 192-ге жетті.

Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласы мен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.

Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан айыққандардың саны — 9388.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*