Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті іс-шарада Абай ауданы әкімі Б.Парманов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бакылау баскармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаев, аудандык полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп, А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері ірі және шағын сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жасап, түсіндіру шарасын жүргізді. Нәтижесінде 29 нысанға ескерту паракшалары таратылып, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб өз еркімен жабылды.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылған болатын. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, COVID-19 індетінің кәсіпкерлер арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі ескертілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу