Басты бет » Төтенше » ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛМЕСЕ, НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛМЕСЕ, НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов қатысты.

Ғабит Патшаханұлы ауданда карантинге 128 үй жабылып, бүгінде оның 76-сы ашылып, қалған 52-сі жабық тұрғанын алға тартты. Одан бөлек, карантинге жабылған аймақтарға тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы прокуратурасы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби ауданының жергілікті полиция қызметкерлері мен Әл-Фараби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері бірлесе 4 жұмысшы топ құрылып, Шымкент қаласы Бас санитарының №20 Қаулысында көрсетілген талаптарды орындау бойынша аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бізде 4 нарықтық базар бар. Оның біреуі («Қазыбек» базары) тәулік бойы жұмыс істейді. Ал қалғандары 06:00-19:00 аралығында. Сондай-ақ, 61 жанармай бекеті, 227 кафе, 156 асхана, 44 супермаркет, 575 азық-түлік дүкендері мен 204 дәріхана нысандары қызмет атқаруда. Олар күніне 2 рет дезинфекциялануда, – деді Ғ.Мәуленқұлов.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*