Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде.

Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 базарға және 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, оның ішінде 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан кәсіпкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі, аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектеуді, сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмеу ескертілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу