Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «БАСТАУ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «БАСТАУ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді.

Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді.

«Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» турнирі командалық жарыс болғандықтан қатысушыларды дайындайтын жетекшілер: Шынар Мылтықбаева, Лариса Таганашвили тағайындалды.

Бүгінгі таңда турнирдің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы топ жасақталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Пікір жазу