Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МЕДИЦИНА ЖАНЫҢЫЗДА

МЕДИЦИНА ЖАНЫҢЫЗДА

Шымкентте «Қала күні» мерекесіне орай, «Медицина жаныңызда» атты акция басталды, деп жазады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде.

Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және коронавирустан қорғану жөнінде кеңес беруде.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралауын алдын алу және түсіндіру жұмыстары кезінде медицина мамандары қоғамдық көліктерде де жолаушылардың дене қызуын өлшеп, карантиндік талаптарды ұстауға шақырды.

Айта кетейік, 17-19 маусым аралығында «Медицина жаныңызда» акция аясында мамандар қаланың шетіндегі елді мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып та медициналық көмек көрсетеді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу