Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкент қаласында дәрігерлер тұрғындар арасында коронавирустың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көліктер мен адам көп шоғырланатын аялдамаларда түсіндірме жұмысын жүргізді. Игі шара «Қала күні» мерекесіне орай «Медицина жаныңызда» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы хабарлайды.

– «Медицина жаныңызда» акция шеңберінде қаладағы халық ең көп шоғырланатын аялдамаларда тұрғындарды құлағдар ету үшін ақпараттық парақ таратып, инфекцияның алғашқы симптомы туралы кеңінен мәлімет бердік. Өкінішке қарай, тұрғындар арасында сақтық шарасы үшін маска тақпаған. Біз оларға індеттен сақтану үшін жеке бастың гигиенасы өте маңызды екенін түсіндірдік, — дейді №7 қалалық емхана дәрігері Бөтакөз Жұмабеков.

Айта кетейік, аталған акция 17-19 маусым аралығында қаланың шетіндегі елді мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып медициналық көмек көрсетуді де қолға алған.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу