Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

Еңбекші ауданы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды бақылауға алды. Алдымен №27, 150 және Ақсукент — Шымкент бағытында қатынайтын көліктердің жұмысымен танысып, тазалық талабын сақтамағандарға ескерту жасалды.

Сонымен қатар, сауда орындарына да рейд жүргізген мамандар, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 78 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берді. Ал,
карантин режимін бұзған 2 сауда орынына хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуі қажет. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

Жалпы қала тұрғындарына медицина мамандары қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу