Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПОЛИЦЕЙЛЕР БЕТПЕРДЕ МЕН ҚОЛҒАП ТАРАТТЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БЕТПЕРДЕ МЕН ҚОЛҒАП ТАРАТТЫ

Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Олар тұрғындар мен қоғамдық көлік ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілерге медициналық маскалар мен қолғаптар таратты.

Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылған болатын. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі, аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектеуді, сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмеу ескертілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу