Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАЛАП КҮШЕЮДЕ

ТАЛАП КҮШЕЮДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық біріңғай тестілеу  туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты.

Брифингте ең алғаш сөз алған Жанат Тәжиева мектеп түлектері төртінші тоқсан қорытындысын жақсы тәмамдағанын жеткізді. Нәтижесінде 546 оқушы алтын белгі алып, бүгінде оның 359-ы үздік аттестаттың иегері атанғанын және осы жылдың үшінші маусым мен бесінші маусым аралығында мектеп оқушыларына аттестаттары табысталған.

– Қаламызда Ұлттық біріңғай тестілеу үш жоғарғы оқу орындарында өткізеді.
Атап айтар болсақ, ОҚМУ, ОҚМПИ, Халықаралық «Silkway» университеттердің базаларында өтеді. Бұл онлайн тестілеудің бір ерекшелігі электронды түрде қанша балл алғаны көрініп тұрады, – деді Ж.Тәжиева.

Ұлттық біріңғай тестілеуден шекті балл ала алмаған тұлғалар жыл бойына қайта тест тапсыруға мүмкіндігі бар. Маусым айында тапсыра алмаған түлектер тамыз айында қайта тестілеуден өте алады. Алайда тамыз айында тапсырған тестілеудің көрсеткішімен тек ақылы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беріледі. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі педагогикалық мамандықтарға шекті балл 70-тен төмен болмауы қажет.

Одан бөлек, басқарма басшысы: «Грант иегері болғыңыз келсе немесе ақылы оқуға түсуге ниетіңіз болса, 70 балдан кем жинамауыңыз міндетті. Былтырғы жылы 3 сағат 40 мин болса, биыл 4 сағатқа дейін ұзартылып, калькулятормен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тестілеу барысы Білім министрлігінің қадағалауында болады», – деді басқарма басшысы.

Тестілеу барысында түлек бейнебақылау камераларына шпаргалкалар немесе ұялы телефондарды қолданып отырғандығы түсіп қалатын болса, жинаған балының күші жойылады. Яғни, талапкерлерді қатал тәртіп пен күшті талап күтуде.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу