Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тоқтайтынын, тек қана ашық далада тамақтану орны бар және санитарлық нормаларды сақтаған орындар ғана өз жұмысын жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі толық тоқтайды. Басқа күндері мерзіміне шектеулер енгізіліп, таңғы сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және түстен кейін 17:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жүреді. Ал 22 маусымнан бастап ХҚКО және Жұмыспен қамту орталығының жұмыстарына да шектеулер қойылады. Олар таңғы сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Оның өзінде онлайн көрсетілмейтін қызметтерді ғана іске асырады. Мұнда келетін азаматтар онлайн кезекке тұруы керек.

Сонымен қатар, халық көп жиналатын көшелер, арбаттар, скверлер, спорттық және балаларға арналған алаңшалар, туристік орындар, саябақтардың барлығы жұмысы тоқтатады. Одан бөлек, қаладағы офисте, мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын кәсіпорындардың барлығына жұмысшыларының 80%-на дейін онлайн режимде жұмыс істеуге көшу туралы шешім қабылданған.

Осы ретте Ербол Әбілхайырұлы: «Құрметті қала тұрғындары, мұның бәрі – сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін жасалынып жатқан шаралар. Сондықтан әрбір азамат өзінің денсаулығы, жақындарының амандығы үшін сақтануы керек. Егер сіздер тарапынан санитарлық нормалар сақталынбаса, коронавирусты ауыздықтауымыз мүмкін емес. Нәтижесінде, қаладағы шектеу шараларын бұдан да қатты күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді Е.Садыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу