Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы»  жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Үшінші мегаполисте «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі телевизиялық нұсқада өтеді. Салтанатты жиын қала күні мерекесімен де тұспа — тұс келіп тұр.
Көрсетілімнің алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов құттықтау-лебізін жеткізеді.
Сонымен қатар ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) Басқарма төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Әзірбайжан Республикасының өкілі Полад Бюльбюль оглы және МГЫҚ Басқармасының тең төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Ресей Федерациясының өкілі Михаил Швыдкой бейнеүндеулер жолдайды.
Тележоба «Мир-24» халықаралық, республикалық телеарналарда және интернет желілерінде көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта көптеген танымдық, мәдени — сауықтық шаралар, поэзиялық сағаттар, фестиваль-байқаулар, көрмелер өтеді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу