Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТҮСІНДІРДІ

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТҮСІНДІРДІ

Өрт сөндіру қызметіне қалай жұмысқа орналасуға болады? Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі қандай? Бұл сұрақтардың жауабын «Отырар» телеарнасының «Пора вставать» бағдарламасында кадр саясаты бөлімінің инспекторы азаматтық қорғау капитаны Э. Акимханова айтып берді.
Эльмира Бәсенқызы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификаттың болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті талап болып табылатыны туралы айттып берді. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 90 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ азаматтық қорғау капитаны қажетті құжаттардың тізбесі, конкурс өткізу ережелері және Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары туралы, сондай-ақ курсанттардың оқу орны қабырғасында өмірі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

Пікір жазу