Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДАЛА-ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗДАР!

ДАЛА-ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗДАР!

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, дала-орман өрттерінің алдын алыңыздар!

2020 жылы 18 маусымда 10 сағат 53 минутта «101» қызметіне Шымкент қаласы, Ташкент тас жолы, «Арғымақ» авто базарына қарама-қарсы бетте құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына 4 өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 18 адам жөнелтілді. Өрттің салдарынан 10 га құрғақ шөп жанды. Өрт 12 сағат 13 минутта оқшауланып, 12 сағат 54 минутта толық сөндірілді.
Қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрт қауіптілік неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі және табиғат аясында демалыс кезінде тұрғындардың отпен абайсыз қолдануы табиғи өрттердің себептері болып отыр. Сонымен қатар, қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кетуде дала өрттерінің себеп болуы мүмкін. Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпаңыздар. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан кеткен кезде, от толық сөнгенше топырақпен көміп немесе үстінен су құю керек, артыңыздан жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары қарапайым өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарамаңыздар, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

Пікір жазу