Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЕТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖЕТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Қала әкімінің орынбасары Е.Садыр ауыл шаруашылығы нысандарына арнайы барып, жұмыстарымен танысты.

Алғаш болып ЖК «Нормухамедов» шаруа қожалығына барды. ЖК «Нормухамедов» — 2007 жылдан бері бал арасын дамытып отырған шаруашылық. Жылына 100,0 тоннадан астам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясы бар.

Ал, «Зертас» ШҚ сүт фермасы 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен.
«Тассай құс» ЖШС жылына 40 млн дана тағамдық жұмыртқа өндіруде.

Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 5983,4 тонна ет, сүт 19260 тонна, жұмыртқа 62,5 млн дана өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі – 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу