Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ФЕСТИВАЛЬ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ФЕСТИВАЛЬ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «SHYMKENT-FEST» онлайн өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты — Шымкент қаласының мәртебесін көтеру, имиджін қалыптастыру әрі дамыту, әсем қаламыздың өткені мен бүгінгі болмысын көрсету, таныту. Сонымен қатар, дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету болатын.

Алты бағытты қамтыған фестивальге 50-ден астам өнерпаздар қатысып, жалпы саны 500-ден астам Шымкент қаласы туралы шығармалар қабылданған.

Жеңімпаздар қатарында «2200 жылдық шежірелі Шымкент» республикалық онлайн ақындар айтысы бойынша Біржан Байтуов, Нұрғали Әнәпия, Нұрлан Есенқұлов;

«Ғажайып қала — Шымкент» жазба ақындар арасында онлайн мүшайрада Даурен Айманбетов, Арайлым Мураталиева, Ерман Бауыржан;

«Ертегі қала — Шымкент» фотографтар арасындағы онлайн байқауда Береке Сейітжаппар, Серик Косаев; «Балалар көзімен — Шымкент» жас суретшілер арасындағы сайыста Томирис Амирбек, Алдияр Мырзақұлов;

«Қайырымды қала — Шымкент» оқырмандар арасындағы онлайн оқу бойынша Ақтолқын Әбділдаева, Таңшолпан Имантаева, Айғаным Амангелді секілді талантты жандар бар.

 

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу