Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ АРТУДА

ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ АРТУДА

Шымкентте эпидемиологиялық қолайсыз жағдайға байланысты, жедел жәрдемге түсетін қоңыраулардың саны өскені байқалады. Қазіргі күні 103-қызметіне күніне орташа есеппен 1800-2000 қоңырауға дейін келіп түсуде. Шақыртулардың басым бөлігі ЖРВИ, пневмония сынды инфекциялық аурулар.

ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызу 2 есе (2019 ж. маусым – 124, 2020 ж.маусым – 260), пневмония диагнозымен 7,2 есе (2019 ж. Маусым-18, 2020 ж.маусым -130) ұлғайды.

Инфекциялық аурулардың артуына байланысты қалада 1420 төсек-орын ашылды. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290 карантиндік, 440 провизорлік төсек орын ашылды. Осының есебінен орын жетіспеушілік проблемасы реттелмек. Сондай-ақ 22 ИВЛ және 38 монитор аппараты қосымша орнатылды. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 27-ші маусымына дейін 40 ИВЛ аппараты орнатылады деп жоспарлануда.

Қалада сақтық шараларының тиісті деңгейде сақталмауынан жұқтыру көрсеткіші артуда. Тұрғындардың басым бөлігі әлі де болсын (әлеуметтік арақашықтық, қол гигиенасы, бетперде) сынды сақтық шараларын елемеуде. Салдарынан халық арасында инфекцияға шалдыққан науқастардың саны артуда.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

 

Пікір жазу