Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Күш атасы туралы анимация

ЭКСПО – 2017: Күш атасы туралы анимация

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық мәдениет басқармасы және «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Астана қалалық «Оқушылар сарайында» «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсауы кесіледі.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының тапсырысымен түсірілген фильмде туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, өңірдің әсем табиғаты мен киелі жерлерін және тарихи ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау бағыттары кеңінен қамтылған.

Фильм Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясы түсірілген. Көрсетілім режиссері – Батырхан Дәуренбеков және сценарий авторы, продюсері – Бақытжан Құлжабаев.

Анимациялық фильм жастарға өнеге, үлгі саналатын ұлы тұлғалардың өмірін насихаттайтын қазақ халқының мақтанышына айналған балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасовтың ерліктерін паш етеді. Фильм Мұқанның жастық шағынан басталып, оның кішкентай балаға сай ерліктерін көрсете отырып, әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарға, соның ішінде жапон балуаны Саракикимен күресін суреттейді.

Сонымен қатар, балуан бабамыз халқы үшін, ел аралап, өнер көрсетіп, содан түскен қаржыға әскери ұшақ жасатып, ІІ Дүние жүзілік соғыс майданына жібергені кеңінен насихатталады.

Пікір жазу