Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және «Арбат» демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.

Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде.

Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Бүгін Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 13 санитарлық бекет қойылды.
Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап карантин жарияланған болатын. Қазір бұл қалаларға кіріп шығуға шектеу қойылған. Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан Шымкентке келген тұрғындарды дәрігерлер емханаға уақытша тіркеуге шақырады.

© DIDARBEK.kz

Фото: С. Қосай

 

Пікір жазу