Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Жұлдыздар жарқылы

ЭКСПО – 2017: Жұлдыздар жарқылы

 

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында кеше Елордамызда Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің шымылдығы ашылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басымдылықтармен ұштастыра отырып, насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған шаралар қатарында 30-тамыз күні кешкі сағат 17:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің гала-концерті басталады. Оған Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан бірқатар өнер жұлдыздары қатысады.

Пікір жазу