Басты бет » Қала тынысы » ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдем дәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте түсініктеме берді.

Бейнеролик иесі Арман Хамзин медициналық маман болғандықтан, науқастардың жағдайы үшін алаңдап, осы бейнероликті түсіргенін жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, үш айдан бері алғы шепте жұмыс істеп келеміз. Бұл – өте ауыр. Науқастарды көргенде, тіпті психоэмоциялық жағдайлар болады. Осы орайда өз денсаулығымыз бен отбасымыз үшін де алаңдаймыз. Ал кеше әлеуметтік желіде тараған бейнероликке тоқталсам, дәл қазіргі таңда пневмониямен ауырған науқастардың саны өсті. Бұл жағдайды қалыпта ұстау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, стационарлық орталықтар ашылуда. Аталған оқиға болар кезде науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу туралы координация берген. Бірақ біз аурухана алдына келгенде жедел-жәрдем көліктерінің көбейіп кеткенін көрдік. Инфекциялық ауруханада орын жетіспеушілігі туындады. Яғни, бізге диспетцерлік орталық дұрыс бағыт бермеген. Ал науқас екі жақты пневонияның ауыр түрімен ауырған, жағдайы нашар еді. Сол себепті науқасты жедел орналастыру қажет болатын. Осы уақытта жағдай ушықты. Науқастың халі нашарлай берді. Оның өміріне алаңдап, бейнероликке түсірдім. Содан көп ұзамай, мәселе шешіліп, науқасты қайда орналастыру туралы хабарлама келді. Осы ретте бұл түсірілімнің әлеуметтік желіде тарап, халықтың дүрліккенін қаламағанымды айта кетейін. Енді алдағы уақытта мұндай әрекеттер қайталанбайтынын жеткізе отырып, кешірім сұраймын! – деді Арман Саятұлы.

Сондай-ақ, бейнеролик иесі бұл жағдайдан кейін таңға дейін жұмыс істегендерін және сол күні диспетцерлік орталық қызметінде келеңсіздік туындамағанын айтты.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*