Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдем дәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте түсініктеме берді.

Бұл ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те бейнероликке байланысты өз пікірін білдірді.

– Мүмкін дәрігерлер кінәлі емес те болар. Өйткені жәдел жәрдем қызметі бойынша шақыртулар кейде саябырсып, кейде күрт өсіп кетеді. Осылай шақырту тым көбейген жағдайда болған жайтты халық дұрыс түсінбей, «Шымкент қаласындағы ауруханалар науқастарға медициналық көмек көрсете алмай отыр» деп дүрлігуде. Бірақ әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл ақпараттар қисынға келмейді. Сондықтан, халыққа дұрыс ақпараттар таратуға тырысамыз, – деді қала әкімі.

Брифинг соңында Шымкент қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова БАҚ өкілдері тарапынан бейнеролик төңірегінде қойылған сауалдарға жауап берді.

– Бейнеролик бойынша айтсам, бұл жағдайда жедел жәрдем көмек көрсететін қызметкерлердің жіберген қателігі бар. Бүгінде аталған жайт жөнінде кінәлілер анықталу үстінде және оларға шара қолданылады. Осы ретте әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы медициналық қызмет көрсету мамандарының қызметі бойынша тарап жатқан келеңсіз ақпараттардың жалған екенін жеткізгім келеді, – Шолпан Қабылқызы.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Пікір жазу