Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КИНОТЕАТРЛАР ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

КИНОТЕАТРЛАР ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында 2 маусымнан бастап автовокзалдар мен автобекеттер жұмысын қайта бастайтындығы сөз болды. Ал кинотеатрлар 15 маусымнан бастап жұмыстарына кіріседі.

Бұдан бөлек, брифингте қала аумағындағы барлық топтағы нысандар жұмысын таңертеңгі сағат 6:00 – 21:00 аралығындағы режимде жалғастыра алатыны белгілі болды. Саябақтар мен скверлер, алаңдар мен жағалауларда бетперделік режим сақтала отырып, шектеусіз режимге көшеді. Осы ретте барлық іске қосылатын кәсіпкерлік нысандар күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық тәртіппен жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Баспасөз мәжілісінде балабақша жайы да сөз болды. Бұл мәселеге М.Исахов рұқсат берілгенін жеткізіп, бірақ баланың ата-анасы тарапынан жұмыс істейтіні туралы анықтама керек екенін айтты.

Брифинг барысында Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек екенін тілге тиек етсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік коорпорациясы» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков қала тұрғындары ХҚКО-дан қызмет алу барысында онлайн брондау жүйесін қолдануға шақырды. Бұл ретте халық, ең алдымен, өз уақытын үнемдейтінін жеткізді.

Брифинг соңында өзге де сұрақтар қойылып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауап берілді.

© Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Сурет авторы: С.Қосаев

Пікір жазу