Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені баршамызға белгілі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған. Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және Шымкент қаласы бойынша арнайы мониторинг топтың мүшесі Әсет Әссанди фейсбук желісі арқылы білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тудыратын өзекті мәселелердің алдын-алу және оны болдырмау аясында ҚР Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «CALL» орталығында өткен онлайн тікелей эфирде тақырыпты жан-жақты тарқатып айтып берді.
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы 24 мемлекеттік қызметтің 12-сі автоматтандырылған.
Алайда, білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау мәселелері әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алатын көлеңкелі тұстары болып отыр.
Осы уақытқа дейін білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін автоматтандырды. Нәтижесінде, балабақшаларға жолдама алу және ауыстыру мәселесі шешілді. Бір кездері бұл мәселеде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің бірі болғаны белгілі.
Шымкент қаласының әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлесе отырып, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жоспарын іске асырудың арнайы жол картасын дайындады.
Нәтижесінде, ашықтықты, тазалықты, айқындықты қалыптастыру мақсатында автоматтандырылған қызметке көшіру төмендегіше жоспарланды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жанбасына қаржыландырудағы тазалықты қалыптастыруда ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде электронды картамен жүру жобасы енгізілуде.
Аталған карта көмегімен мектептердегі міндетті әлеуметтік төлемді алатын оқушылар бір мезгіл ыстық тамақ үшін мектеп асханаларындағы арнайы терминалдармен төлем құжаты ретінде есептесетін болады.
Оқу орындарындағы асханалар бірнеше жылға МЖӘ (Мемлекеттік жекеменшік әріптестік) жүйесіне өтеді, бұл ата-аналар, студенттер және кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.
Нәтижесінде, мектеп асханаларындағы сыбайластықа жол берілмейді. Білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмау мақсатында автоматтандырылған электрондық қызметтер көрсеттетін жобалар дайындалды.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасы аясында 100% бірінші қабатқа көшті.
2020-2021 жаңа оқу жылының қыркүйегіне дейін ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Open Space» ашық бөлмелерін ашу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру үшін 7–9 сынып оқушыларында 77 260 баланы қамтыған «Адал Ұрпақ» клубы ашылған.
Колледж деңгейінде академиялық адалдық пен олардың қызметінің қағидасын нығайтуға бағытталған «Саналы Ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда.
Беделді қоғам құру үшін қаланың барлық мектептері мен колледждерінде сатушылары жоқ «Адалдық дүкені» ашылған.

 

Пікір жазу