Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰБТ: БИЫЛҒЫ ТӘРТІП ҚАТАҢ

ҰБТ: БИЫЛҒЫ ТӘРТІП ҚАТАҢ

Апта соңында биылғы мектеп бітірген түлкетер ҰБТ тапсыруды бастайды. Сынақ тәртібі өзгермегенімен карантинге байланысты қойылатын талап қатаң. Дегенмен биылғы мектеп бітірушілердің арасында тест тапсыруға ниетті жастардың қарасы қалың. Яғни, түлкетердің 82 пайызы 131 мың 755 оқушы өтініш берген. Бұл рекордтық көрсеткіш, дейді тест орталығындағылар. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Биыл Шымкент қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу үш жоғарғы оқу орнында өтеді деп шешілді. Барлық талаптарға сай, жоғарғы білім көрсеткіштеріне қол жеткізген білім ұялары таңдалды. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті. Биыл 3 364 талапкер онлайн өтініммен дәл осы оқу ордасында тест тапсыруға ниет білдірген.

Университет аумағында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіліп, індеттің таралмауына барынша тосқауыл қойылған. Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатылады. Аудиторияда балалар кемінде екі метр арақашықты сақтап отырғызылады. Ғимаратқа тест тапсырушылардың қызуы өлшеніп кіргізіліп, арақашықтық қатаң сақталады және бір рет қолданылатын маскалар ұсынылады.

Баршагул Исабек — Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Унверситетінің проректоры: ҰБТ- барынша әділ өткізіледі. Түлектерге қандайда бір гаджет қолдануға тиым салынады.  Бұл болашақ буын иелерінің тек өз біліміне сеніп, алдағы өмірі тек өз қолында екенін сезінуге негіз болады,дейді мамандар. Аудиториядағы бейне камералар арқылы ата-ана үйде отырып ақ баласының сынақ тапсыру барысын көре алады.

«Барлық бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда, яғни көшіру немесе басқа да әрекеттер байқалса, тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін» дейді, мамандар. Биылғы мектеп бітіруші түлектермен бірге кешенді тестілеуден өтетін үміткерлер де Ұлттық бірыңғай тестілеуді бірге тапсырады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу