Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түске дейін

ЭКСПО – 2017: Тамыздың соңғы күні түске дейін

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың бірқатары тамыздың соңғы күндеріне тура түсіп тұр. Әсіресе, бүгін біз Елорда төріне не шығара аламыз?

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басымдылықтармен ұштастыра отырып, насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған шаралар «Бейбітшілік және келісім» сарайындағы Халықаралық мамандандырылған көрменің алғашқы күні ашылған «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесімен жалғасын табады. Сағат 09:00 – 18:00 аралығында тамашалауды ұмытпаңыздар!

Сағат 10:00-де Астана қалалық қуыршақ театрының сахнасына Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры М.Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылымын шығарады.

Сағат 10:00-де Астана қаласының оқушылар сарайы мен балабақшаларында «Ерлік» көркем фильмі мен Оңтүстікте түсірілген анимациялық фильмдер көрсетіле бастайды.

Сағат 10:00-де «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі жұмысын жалғастыра түседі.

Сағат 11:00-де Астана қаласының қоғамдық орындарында «Қазақ әндерінің попурриі» өнерлі жастардың құттықтауы бастау алады.

«Оңтүстік-Цирк» мекемесі «Томирис» ертегілік қойылымына Астана циркіне сағат 12:00-де шақырады.

Және сағат 13:00-де Астана қаласы қоғамдық көліктерінде өнерлі жастар тәтті нан өнімдерін тарата бастайды.

Пікір жазу