Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПТР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

ПТР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында эпиедемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты қосымша 3 ПТР зертхана іске қосылды. Мұнда енді тәулігіне тест сынамасын зерттеу саны 800-ге дейін жеткізіледі.  Бүгінде «ОЛИМП» зертханасының ПТР инсталяциясы жүргізілуде, бұл тестілеу көлемін күніне 1 600-ге дейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың сәуір — маусым айларында барлығы – 71 548 сынама алынды.

Соңғы кезде вирустың белең алуына айланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 502 млн. теңге бөлінді. Инфекциялық және провизорлық стационарлар үшін 21 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары қосымша сатып алынды. Сондай-ақ, 10 күннің ішінде 40 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттың жеткізілуі күтілуде.

Демеушілер тарапынан 200 Бобров аппараты сатып алынды, қосымша компьютерлік томографтардың жеткізілуі күтілуде.

— Коронавирустың жеңіл формасымен ауырып жатқан науқастарды бақылау үшін модильдік топтар құрылды. Барлық мобильді топтар бөлек көліктермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал басқа функционалдық міндеттерден босатылған.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу