Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ — ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ ҚАЖЕТ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ — ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ ҚАЖЕТ

Пандемия салдарынан эпидемиологиялық жағдай елімізді ғана емес, әлемді алаңдатып отыр. Статистика коронавирусқа шалдыққандар саны республикада 20 мыңнан асқанын көрсетті. Ал Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны үш мыңнан асты.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген екі айда дертке шалдығу көрсеткіші әлдеқайда төмен болған еді. Бүгінде көрсеткіш күннен күнге өсіп жатыр. Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қатысты күрес шаралары бойынша өткізген кеңесте 11 мамырда шектеулер жойылғаннан кейін дерттің 7 есе өскенін де атап өтті.

Адамзатты алаңдатқан індетпен күресу — жауапты мекемелердің жұмысымен шешілмейді. Бүгінде қалада әкімдік, санитариялық және құқық қорғау органдарынан құрылған мониторингтік топ жұмыс жасауда. Кәсіпкерлік нысандар, қоғамдық орындар мен қоғамдық транспортта, дүкендердің санитарлық талапқа сай жұмыс жасауына тексеріс жүргізуде. Дегенмен заң бұзушылық та азаймай тұр. Дәстүрімізге сай той-жиын, басқосулар, шоғырланулар тоқтамады. Нәтижесінде инфекция жылдам тарап, ауырғандар саны күрт артты. Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ салды.

Сондықтан дертпен күресте тұрғындар тарапынан жауапкершілікті сезіну мәселесі тұр. Індетпен күресте халықтың қолдауы, бірлігі, жауапкершілігі қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, коронавирус пандемиясының ұзаққа созылуына дайын болуға шақырды. Осыған байланысты орта мерзімді перспективаға арналған қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекетке қолдау көрсетіп, талаптарға бағыну арқылы ғана — тығырықтан шыға алатынымызды айтқым келеді.

Мемлекетке қолдау көрсетіп, талаптарға бағыну арқылы ғана — тығырықтан шыға алатынымызды айтқым келеді. Аурудың асқынып, пневмонияға шалдыққандардың жағдайын естіп-көріп жатырмыз. Сондықтан «ковид жоқ» деген жалған ақпараттың жетегінен шығып, санитариялық талаптарға бағынайық. Бетперде мен қолғап, антисептик — күнделікті құралымызға айналуы тиіс.

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ, Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

 

Пікір жазу