Басты бет » Қала тынысы » ӘЖЕЙДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

ӘЖЕЙДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Өкпесіндегі дерті асқынған әжей Галина Хрущева 2020 жылдың 26 маусымы күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозын қойған.

Қарт кісіні тексере келе мамандар оның өкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қан кеткен.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтау бөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.

Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 06.07.2020 жылы ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.

«Барлық медицина мамандарына алғыс айтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер”, — дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*