Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Таусылмайтын тегін тартулар

ЭКСПО – 2017: Таусылмайтын тегін тартулар

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері шеңберінде 2017 жылдың 31-тамызында Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Елордада өнер көрсетті.

Күнгейлік жас толқын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында таңғы сағат 10:00-ден бастап түскі 13:00-ге дейін Астана қаласындағы «Хан Шатыр» және «Керуен» ойын-сауық орталықтарында, «ЭКСПО» қалашығында және түстен кейін «Бәйтерек» алаңы мен қаладағы қоғамдық көліктерде қала тұрғындары мен қонақтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырсақтар мен тоқаштарды таратты. Шарапаты мол шараға еріктілер мен жас домбырашылар жұмылдырылды. Сондай-ақ, ұлттық әндер және әйгілі сазгер, Қазақстан Республикасы Әнұраны музыкасының авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларынан попурри орындап, «Бәйтерек» алаңында өтетін «Астананың жұлдызды түні» жастардың думанды кешін тамашалауға шақырды.

«Астананың жұлдызды түні» думанды кешінде Оңтүстіктен шыққан Қазақстанның эстрада жұлдыздары – «Жігіттер» квартеті, Ғазизхан Шекербеков, елімізге танымал барабаншы «Бурхан-Стайл», жас әншілер «Boys band» триосы өнер көрсетеді.

Пікір жазу