Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары тынымсыз жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһардағы қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертең және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде.

«Шымкент Дезинфекция» маманы Нұрлан Тасболтаевтың айтуынша, автобустарды залалсыздандыру жұмыстарына арнайы 4-5 бригада жұмылдырылған.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3720-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 2137 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 53 021.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

 

Пікір жазу