Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Қаламызға қарасты 4 аудан аумағында орналасқан орталық көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне, кіре беріс алаңдары мен аулаларда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде, «On’tu’stik» телеарнасына  сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Атап айтқанда,  Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан орталық көшелер мен «Химфарм», «Ескі қала» шағынаудандарында және аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне, кіре беріс алаңдары мен аулаларда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Ал, Абай ауданында Республика, Гагарина, Асқаров, Абай даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерде және Самал-3, Шұғыла, Ынтымақ, Қатынкөпір, Қызылжар мөлтек аудандарындағы ішкі орамдық көшелерге жасалуда.

Залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүріп жатқан елді мекендерге «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 3 техникасы және көп қабатты тұрғын үйлерді залалсыздандыру ға 16 қызметкер жұмылдырылған. Сондай-ақ, Қаратау ауданы аумағындағы Асар, Ақжайық және Достық шағынаудандарындағы ішкі орам көшелеріне арнайы 5 техника жұмылдырылып, дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімі аппараты тарапынан көпқабатты үй аулалары мен ішкі орам көшелерді залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.  Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасын табуда. Бүгінгі таңда шаһарымыздың барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы сақтық шаралар карантин аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасатын болады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу