Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Мырзалық және жомарттық

ЭКСПО – 2017: Мырзалық және жомарттық

Ел ордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде облыс аудандарынан барған көптеген өнім түрлері тегін таратылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемелеріне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау ретінде оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын қарбыздан дәм татқызу.

Жоғарыда аталған тізімді диқандар Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінен алған. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ертеңгі ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті.

Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған, Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсынатын болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу