Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Әл-Фараби ауданы бойынша мобильді топ өкілдерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы барасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 5 құқық бұзушылық анықталды, деп жазады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларында көрсетілген шектеулерді бұзып, азаматтарға қызмет көрсеткен.
Олар:
Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1 үйде орналасқан «Полигон» компьютерлік ойын клубы;
Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі №8/А үй жанында орналасқан «Арена» компьютерлік ойын клубы;
Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Аян» азық-түлік дүкені;
Шымкент қаласы, Ташенов және Уалиханов көшесі қиылысында орналасқан «Оңаша» саунасы;
Шымкент қаласы, Ташенов және Мамедов көшесі қиылысында орналасқан «Roza Shym» гүлер дүкені.

Аталған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жинақталған іс-құжаттарды, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік шара көру үшін, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

©Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу