Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Күн қалай өтеді?

ЭКСПО – 2017: Күн қалай өтеді?

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері де өз мәресіне жақындап келе жатыр. Бүкіл астаналықтар мен Елорда қонақтарын таң қалдырып және тамсандырып келе жатқан оңтүстікқазақстандықтар Алғашқы қоңырау күні не ұсынар екен?

«Қазақстан» спорт кешенінің аланшасында таңғы сағат 09:00-де Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталады.

Дәл осы уақытта «Қазанат» ипподромы ұлттық спорт жанашырларын аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін тамашалауға шақырады – келіңіздер, өкінбейсіздер!

Сағат 10:00-де арнайы жабдықталған автобуспен Астана көшелеріне музыкалық шеру шығады.

«Has Sanat» өнер галереясындағы осыдан төрт күн бұрын өз жұмысын бастаған Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі сағат 10:00-де есігін қайта айқара ашады.

Сағат 11:00-ден бастап күн батқанға дейін Астана қаласының сауда орталықтарында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның, облыстық опера және балет театрының, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз-ансамблінің флешмобтары өткізіледі.

Пікір жазу