Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ТАБИҒИ ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚ ЖОЮ ҮШІН ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: ТАБИҒИ ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚ ЖОЮ ҮШІН ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов және орынбасары Нұрлан Жаманкөздің қатысуымен брифинг өтті.

– Биыл басқармаға 19 бюджеттік бағдарлама аясында бюджеттен 50,9 млрд теңге қаржы қаралды. Яғни, республикалық бюджеттен 14,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 25,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінде қаржының 62%-ы игерілді. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам, ауыз су бойынша 30 нысан, оның ішінде Тұран, Шымкент сити шағын аудандарына ауыз сумен қамту үшін 5 ірі жоба Көмешбұлақ су имаратынан 4,48 км, 6,88 км және Ахунбабева-Гагарина 15 км құрайтын магистралдық суаққылары жобасы іске асырылуда. Ал кәріз жүйесі бойынша 11 нысан, жылу бойынша 15 нысан, сейсмонығайту бойынша 12 нысан, инженерлік инфрақұрылым бойынша 16 нысан (Тұран ш.а. көшелер) мен Аэропорт 1,2 кезең, Триумф заводы және абаттандыру бойынша 13 жоба жүргізілуде. Сондай-ақ, электр қуаты бойынша (14 нысан) қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін 3 ірі жоба 220 кВ «Бозарық», 110 кВ «1-М-1» және 110 кВ «Ақжар» қосалқы станса жобалары мен табиғи газ бойынша (8 нысан) қаланың табиғи газға тапшылығын толық шешу үшін «АГРС-3» газ станциясы ірі жобасы іске асырылуда, – деді Жолшыбек Мұхтарұлы.

©Өз тілшімізден

 

Оставить комментарий к Аноним