Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚҰРБАН АЙТ — ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

ҚҰРБАН АЙТ — ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Құрбан айт барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке. Бұл мейрамда жағдайы бар әрбір мұсылман баласы мал сойып етін мұқтаж отбасыларға таратуы міндетті. Елдегі карантин жағдайына байланысты онлайн құрбандық шалынды. Мақсат адамдарды көп шоғырландырмай етін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тарату еді.

Шымкент  қаласында жалпы саны 300 мал онлайн тапсырыспен құрбандыққа шалынған, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бұл  Қаратау ауданындағы Бозарық 3 тұрғын алабындағы қасапхана. Мұнда сауапты істен құр қалмайын деген азаматтар құрбан 2020 сайтына тіркеліп өздері қалаған төрт түлікке тапсырыс беріп сондағы көрсетілген есеп шотқа ақша аударады. Сондай-ақ бұл сайт қазақ және орыс тілінде қызмет көсетеді. Кейіннен  сіз қалаған малды осында сойып, еріктілер мұқтаж жандарға тарқатып береді, бұл өз кезегінде қала тұрғындары үшін өте қолайлы дейді дін өкілдері.

Бұл бастама қала тұрғындары үшін өте қолайлы болып отыр, әрі карантин кезінде де азаматтардың бас амандықтары үшінде өте тиімді дейді жауаптылар. Айта кетейік мұнда сойылған әр малдың еті тұрмысы төмен отбасыларға таратылғаннан соң, оны мал егелеріне видео есеп түрінде жеткізіліп тұрады. Шымкент  қаласында жалпы саны 300 мал онлайн тапсырыспен құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 15 ірі қара мал, 76 қой 179 тоқты, 30 ешкі сойылған.

Сонымен қатар бұл игі іске дін өкілдері мен қатар еріктілерде көпшіліктің сауабын алды десек артық айтпаған болар едік. Аманатқа қиянат жасамай етті тиесілі адамдарға жеткізіп отыруда мұсылман баласы үшінде сауапты іс.

Айта кетейік, биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 ші шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді. Осы орайда Шымкент қаласының бас мемлекттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қала аумағында  жеке үй йеліктерінде мал сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу