Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ГАЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

ГАЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

Қаратау ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары қарқын алып келеді. Наурыз айында Тұран шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша магистралды жүйенің құрылысы бастау алған болатын. Бүгінде «StroyGazCompany» компаниясы жұмыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Достық және Асар шағынаудан тұрғындарының да көгілдір отынға қосылар кезі алыс емес. Достықта 46,06 км құрайтын, ал Асар шағынауданында 50,4 км болатын ішкі орамдық жүйелердің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Газовое хозяйство Шымкент газ» ЖШС, «Отау Строй» ЖШС компаниялары құрылысты толығымен келесі жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Азат шағын ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін 2020 жылға жергілікті бюджеттен 30,7 млн тг қаржы қаралған. «Ынтымақ бес арыс» компаниясы құрылыс жұмыстарын мамыр айында бастаған. Жалпы құны 236,3 млн теңгені құрайтын жоба құрылысы кесте бойынша келер жылы аяқталуы тиіс.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу