Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Соңғы сәттер

ЭКСПО – 2017: Соңғы сәттер

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бес күнге созылған Астана қаласындағы киелі өлкенің тарихынан сыр шертіп, ерекшелігін айшықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері, өкінішке орай, бүгін кешкісін өз шымылдығын жапқалы тұр.

Десек те, сіздерге ұсынарымыз әлі аз емес!..

Таңғы сағат 09:00-де сіздерді «Қазақстан» спорт кешенінің алаңшасында күтеміз! Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады.

Қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және көрермендер арасында қошқар көтеру сайысы да таңғы сағат 09:00-де басталады. Этноауылға келсеңіздер, адаспайсыздар!

«Has Sanat» өнер галереясындағы Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі таңғы сағат 10:00-де өз есіктерін айқара ашады.

Ал, кешкі сағат 21:30-да ЭКСПО қалашығының Амфитеатрында «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» деп аталатын гала-концертке келіңіздер, өкінбейсіздер!