Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Таңғажайып гала-концерт

ЭКСПО – 2017: Таңғажайып гала-концерт

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері аясында өтетін думанды кешке шақырамыз!!!

Бүгін кешкісін «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында басталатын Оңтүстіктің таланттары – эстрада жұлдыздары қатысатын қорытынды мәдени шараға келіп, керемет кештің куәгері болыңыздар!

Апта бойы астаналық жұршылықты мерекелік думанға бөлеген күнгей өлкенің Астанадағы күндері 3 қыркүйек күні, сағат 21:30-да «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында өтетін «Əн мен күй əлдилейді Астананы!» атты Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының гала-концертімен қорытындыланады. Концертке елге танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнер майталмандары: Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Мақсат Өнербаев, Роза Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Гүлнар Сиқымбаева, Асқар Жайлаубаев, Ибраһим Ескендір және басқа да танымал сахна саңлақтары, сонымен қатар, «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент-шоу» әзіл-сықақ театрлары қатысады.

Гала-концертке кіретін билет құны небәрі – 2-ақ мың теңге. 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін кіру – тегін.

Пікір жазу