Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Елбасы ЭКСПО туралы…

Елбасы ЭКСПО туралы…

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің тұңғыш рет Қазақстанда өтуі және оның жұмысына бүкіл әлемнің көптеген елдері асқан қызығушылық танытуы – тікелей Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дүние жүзі мемлекеттері мен халықаралық ұйымдары басшылары арасындағы жоғары абыройының көрсеткіші. Осынау көрмеге дайындық барысында қызу өтіп жатқан кезінде Елбасының айтқан бірқатар сөздерін жазып алып, қалың оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.

«ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға».

«ЭКСПО көрме кешені бір уақытта күн және жел энергиясын, сондай-ақ күл-қоқысты қайта өңдеуден энергиялық-қуат көздерін шығаратын болады. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, барлық Азия аймағына да үлгі боларлық іс. Былайша айтқанда, алып кешен өзін өзі электр энергиясымен қамтамасыз етіп, артылған энергияны қалаға жібере алады. Бұл – ғажайып тәжірибе. Біз оны алғаш рет қолға алып отырмыз».

«ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға».

«Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін».

«Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті.
Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр».

© Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Пікір жазу