Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Қосыла шырқап әндерді…

ЭКСПО – 2017: Қосыла шырқап әндерді…

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттауға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Арнайы жасақталған автобус бағыты «Думан» ойын-сауық орталығынан бастау алып, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығы мен «Бәйтерек» алаңдарында Оңтүстіктен шыққан жергілікті сазгерлердің танымал әндерімен мерекелік өнер думаны ұсынылды. Əн керуенге облыстық мəдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының белгілі әншілерінен құралған 80-ге жуық өнерпаз қатысты.

Қазақтың біртуар композиторы Шәмші Қалдаяқов пен халық əндерін орындап, тосыннан мерекелік көңіл-күй лебін сыйлаған Оңтүстіктің өнерлі тобына Астана тұрғындары мен қонақтары алғыстарын білдіріп, қосыла əндер шырқады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу