Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Жүлдегерлерді марапаттау

ЭКСПО – 2017: Жүлдегерлерді марапаттау

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне кірген бойда алғашқы танысу нысаны Қазақстанның «Нұр әлем» павильоны болды. Ондағы озық технологиялар мен заманауи құрылғылар келушілерді таң тамаша етті.

Мұнан кейін, автокеруен мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Этноауылда» ұйымдастырылған шаралар мен «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен ұйымдастырылған жарысты тамашалады. Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін көрді.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер мен жастар арасында асық атудан, жастар және ересектер арасында тоғызқұмалақтан, көрермендар арасында салмағы 35 келі болатын қошқар көтеру сайыстары өтті. Қошқарды иығына салып 28 көтерген Бердіқұл Əлфарабиға тең келер ешкім болмады. Теңге алудан Мағжан Сапарбеков жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысына сай жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарды «Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш марапаттады.

4-қыркүйек күні Астана қаласынан Шымкентке қарай жолға шыққан «Ұлы дала автокеруені» алда Қарағанды облысына аялдап, аймақтағы тарихи, киелі орындарға аялдап, Жезқазған қаласы әкімінің қабылдауында болып, Ұлытау жеріндегі Жошы хан, Алаша хан кесенелерінде түсірілім жасауды жоспарлауда.

Өз тілшімізден

Пікір жазу