Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙДІ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙДІ

Шымкент қаласында 6 кәсіпорында 3,8 миллион теңге жалақы қарызы қалған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен өткен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды. Өндіріс орындарында жарақат алып, көз жұмғандардың саны азайғанымен, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі Шымкент қаласы әкімдігі, Жұмыс берушілер конфедерациясы мен кәсіподақтар арасында жасалған келісім-шарт аясында қолға алынбақ. Әлеуметтік әріптестік – еңбек қатынастарын реттеудің маңызды құралы.

Жиын барысында үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия құрамына өзгеріс енгізу, ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы, шағын және микро кәсіпкерлік субьектілеріне тексеру жүргізуге жарияланған мораторий туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Үкімет басшысына жазған хаты бойынша карантиндік режимге сәйкес медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу мәселелері қаралды.

Жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, Жұмыс берушілер конфедерациясының төрағасы Александр Суворов, «Қызмет» мемлекеттік мекемелер, банк жүйелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіптік одақтары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, Әділет департаменті және жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері баяндама жасап, жалақы қарызы анықталған және жазатайым оқиғалар орын алған мекеме басшылары тыңдалды.

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

 

Пікір жазу