Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 213 түркістандық ананы ертеректе жазылу келісіміне сай жеке мәселелерімен қабылдады.

Жуырда ғана қалалық әкімдікте шаһар басшысы бірнеше азаматты қабылдаған болатын. Дегенмен, уақыт тапшылығы мен карантинге байланысты барлығымен бір сәтте тілдесуге мүмкіндік болмады. Ал, бүгінгі күні қабылдау «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтті.

Әр тұлғаның басында жария етпеуге тиіс жайттар бар екендігі ескеріле, әрбірі жеке қабылданды. Сауалдардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, денсаулық мәселесі және тұрғын үй кезегі бойынша пәтер алу жайы айтылды.

Рашид Аюпов тұрғындардың аталған күрмеулі мәселелері шешімін табатындығы жайлы келесімге келді. Айтылған барлық проблемалық түйін назарға алынды. Бұл бағытта тиісті сала басшылары да әлеуметтік өтініштерді қанағаттандыруға атсалыспақ.

Сондай-ақ, қабылдау барысында карантин шарттарының барлығы орындалып, қатаң қадағаланды. Аналарына ере келген балаларға арнап кішігірім ойын алаңы жасалып, ас-сумен, антисептик, бетпердемен қамтамасыз етілді.

© Didarbek.kz

Пікір жазу