Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ!

ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ!

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева 30 тамыз – Қазақстан республикасы Конституция күні қарсаңында «Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві» мекемесінің басшысы Болатбек Әжіметовты «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады. Болатбек Нұрмаханбетұлы еңбек жолын 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекеніндегі «Ынтымақ» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған. Жалқау – өзіне жау. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны. 29 жылда сан түрлі салада оза шауып, 2018 жылдан бері Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві» мекемесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегін халықтың игілігіне арнаған Болатбек Нұрмаханбетұлын марапатымен құттықтаймыз!

© Didarbek.kz

Пікір жазу