Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Нұрболат – «нұрлы жердің» директоры!

Нұрболат – «нұрлы жердің» директоры!

2016 жылдың 6-қыркүйегінен бері Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келген Нұрболат Ахметжанов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Қорық-музейдің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне 2017 жылғы 5 қыркүйектен бастап тағайындалды.
Музей ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев таныстырды.
Осы уақытқа дейін «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне басшылық еткен Жандос Әубәкір «ҚазҚайтаЖаңғырту» мекемесіне директор болып тағайындалды.

Біздің анықтамамыз: Ахметжанов Нұрболат 1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Пікір жазу