Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ!

АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ!

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат және туризм қызметкерлері кәсіподағы» Түркістан облыстық және Шымкент қаласы филиалдарының төрағасы Бастарбек Пірімбетов 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында мәдениет саласында қалтқысыз қызмет еткен мәдениет қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Жиынды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов ашып беріп, мемлекетіміз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуметті елге айналғанын, сондай-ақ, мәліметті болып жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланғанын айтып, осы ретте Конституцияның 25 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн болып саналатыны, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап өтті.
Жиын барысында ҚР Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін мәдениет саласының үздіктеріне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат және туризм қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлованың «Құрмет грамотасы» табысталды.
Ал, зейнет жасына жеткен, мәдениет саласында көп жылдар бойы елеулі еңбек сіңірген Қалдыбек Тұрбаевтың кеудесіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тағылды.
© «Түркістан облысы және Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің
баспасөз қызметі

Пікір жазу